Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада 8-қабаттан секірген қыз бен жігітке қатысты тың деректер пайда болды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті демалыс күні көп қабатты үйдің терезесінен секірген қыз бен жігіттің ішімдік ішкенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Depositphotos

Өткен жексенбіде елордадағы "Инфинити" тұрғын үй кешенінің 8-ші қабатынан алдымен жігіт, артынша қыз секіріп кеткен болатын.

Ер адам ауруханада жан тапсырды. Ал әйел медициналық мекемеде емделіп жатыр.

"Әйел нөмері 2-ші көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған. Және сүйек-ми жарақатын алған. Қазіргі уақытта барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазір палатада жатыр", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Полиция департаментінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Ал пәтерде олардан өзге ешкім болмағаны, сонымен қатар екеуінің ішімдік ішкені тексеру барысында анықталды.

Олардың неліктен терезеден секіргендері әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта осы іске байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Автор: А. Мүтәлі

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыздың көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кеткені туралы хабарлаған едік.

Кейінірек ер адам ауруханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861659-elordada-8-kabattan-sekirgen-kyz-ben-zigitke-katysty-ty-derekter-pajda-boldy/

pixel