Выйти
RU

Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетамол мен аспирин жоғалып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорда мен екі мегаполис тұрғындары дәріханалардан вирусқа қарсы препараттар, парацетамол мен аспирин, арбидол сатып алып жатыр. Дәрі-дәрмекке қатысты дүрбелеңнің соңы олардың жетіспеушілігіне әкелген. Қазір дәріханаларда аталған препараттарды табу мүмкін емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК теларнасына сілтеме жасап.

Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетомол мен аспирин жоғалып кетті

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Телеарна тілшілері үш мегаполистегі дәріханаларға барған. Олардың көпшілігінде парацетамол мен аспирин де, вирусқа қарсы басқа препараттар да жоқ, ал кезек толы.

Фармацевтердің түсіндіруінше, олар қосымша дәрілерді толықтырып үлгермеген. 20 және 21 маусым күндері Қазақстанда демалыс болғандықтан, жеткізушілер тапсырыс қабылдамапты. Саудагерлер жақында дәрі-дәрмектерді әкелеміз деп уәде етіп отыр.

Мұндай жағдай Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында байқалады. Егер осыған дейін дәріханаларда бір тәулікте шамамен парацетамолдың 50 қорабы сатылса, қазір олардың саны 200-ге жеткен. Мамандардың айтуынша, мұндай дүрбелең, тіпті, төтенше жағдай уақытында да болмаған.

Мұндай әрекеттің бірнеше себебі бар. Біріншіден, қазақстандықтар елге қатаң карантин енгізілуі мүмкін деп қорқады. Екіншіден, ауру белгілері байқалған жағдайда вирусқа қарсы препараттарды қабылдау қажеттігін елордалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сәуле Қисықова да айтқан.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Фармацевтер дәрі-дәрмек бағасы бұрынғы деңгейде қалды деп сендіргенімен, астаналықтар сөзінше, парацетамол 10 теңгеге қымбаттап үлгерген. Бәрінен де жағдай Шымкентте жақсы. Дәріханаларда әзірге барлық препарат бар, алайда фармацевтер сатып алушылар толастамай жатқанын айтады.

Айта кетейік, өткен тәулікте тағы 499 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 18231-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы мен Нұр-Сұлтан дәріханаларында парацетамол мен аспирин жоғалып кетті