Выйти
RU

Осы жылы қажылыққа рұқсат беріле ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясының билігі Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға тек санаулы мұсылман азаматтарына рұқсат етті. Шетелдіктер оған қатыса алмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ashraf Amra/Anadolu Agency/Getty Images

Фото: Ashraf Amra/Anadolu Agency/Getty Images

Осы айдың соңында мұсылмандар үшін Құрбан айт мерекесі. Осыған орай Мекке мен Мединада үлкен қажылық өтуі керек болған.

Алайда Сауд Арабиясы шектеу шараларын күшейтті. Жергілікті билік биылғы қажылыққа тек елде жүрген мұсылмандардың ғана қатысатынын мәлімдеді. Бұндай шешім індетке байланысты қабылданған деп жазды РИА Новости.

"Коронавирус пандемиясына және оның адамдарға тигізіп жатқан залалына сәйкес 1441 жылғы (2020 жыл) қажылық тек санаулы адамдардың қатысуымен өтпек. Олар қазір ел аумағында жүрген мұсылмандар. Олардың қатарында түрлі ұлт өкілдері бар", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде Мекке қаласының аумағы келушілер үшін жабық тұр. Басылым мәліметінше, инфекцияның ошағы осы қалада, себебі, қажылық парызын өтеушілер жан-жақтан келіп, вирус мұнда тез таралып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, велосипедпен қажылыққа барған қазақ жігіт Мәдинадағы қазіргі жағдайды баяндаған. Ол карантинге байланысты Сауд Арабиясынан үш айға жуық уақыт шыға алмады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Осы жылы қажылыққа рұқсат беріле ме