2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Оралда коронавируспен ауруханада жатқан пациенттер шу шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орал қаласында COVID-19 диагнозы расталған науқастарды емдеуге шұғыл түрде қайта жабдықталған көпбейінді қалалық аурухананың пациенттері стационардағы жағдайға шағымданды. Бұл мәселеге қатысты Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Каюпов пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

COVID-19 жұқтырған пациенттері Оралдағы аурухана жағдайына шүйлікті

Фото: facebook.com/Malik.Zhumagalyiev. Болатбек Каюпов. Фото: БҚО ӨКҚ

Әлеуметтік желідегі жазбаны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топ өкілі Мәлік Жұмағалиев жариялады. Оның сөзінше, медициналық мекеменің бас дәрігері емдеуден кейін үй карантинінде жатыр.

"Бір апта бұрын Орал қалалық көпбейінді ауруханасы коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерге арналған инфекциялық стационарға берілген. Стационарға өткен аптада келіп түскен алғашқы пациенттер маған өтінішпен келді. Маған медицина қызметкерлері жетпей жатқанын, азық-түлікті қабылдау-беру дұрыс реттелмегенін, сондай-ақ, қызметкерлерге жеке қорғаныш құралары, дәретхана қағаздары мен ауыз су жетіспейтінін айтты",- деп жазды ол.

Бұл мәселеге қатысты өңірлік денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді. Ведомство басшысы Болатбек Каюпов қалалық көпбейінді аурухана директоры Арман Қалибеков коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді.

"Ол "Теңізшевройл" мұнайшыларын қабылдап жатқанда ауырып қалды. Жағдайы тұрақты. Жақында жұмысқа шығады деген ойдамын",- деді Каюпов.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сондай-ақ, ол ауруханалар жеке қорғаныш заттарымен және дәрі-дәрмекпен 100 пайыз қамтылғанын атап өтті.

"Көп жағдайда халықтың кесірінен коронавирусты жаппай жұқтыру және жаппай ауруханаға түсу деректері тіркеліп жатқанда, медицина қызметкерлерінен кінарат іздеу басталады. Түсіністікпен қарауды сұраймыз. Егер әлдекімге қызмет көрсету ұнамаса, бұл жұмыс жүріп жүрмей тұр дегенді білдірмейді. Жеке қорғаныш құралдарында жұмыс істеу қиын. Аурухана науқастарды емдеуді енді бастады, ал олардың саны 140-тан асады. Бұл сан минут сайын өсіп жатыр. Медицина қызметкерлерінің жүйкесі тозды",- деді ол.

Айта кетейік, Оралда облыстық инфекциялық ауруханада орын жетпегендіктен, тағы бір медициналық мекемені коронавирусқа шалдыққан пациенттерді емдейтін ауруханаға қайта бейіндеу туралы шешім қабылдады.

Ал Елорда мен екі мегаполис тұрғындары дәріханалардан вирусқа қарсы препараттар, парацетамол мен аспирин, арбидол сатып алып жатыр. Дәрі-дәрмекке қатысты дүрбелеңнің соңы олардың жетіспеушілігіне әкелген. Қазір дәріханаларда аталған препараттарды табу мүмкін емес.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оралда коронавируспен ауруханада жатқан пациенттер шу шығарды