Выйти
RU

Президент: ТЖ режимі тоқтаған соң біз босаңсып кеттік

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті "Біз біргеміз" онлайн форумындағы бейнеүндеуінде қазақстандықтар ТЖ режимі тоқтаған соң босаңсып кеткенін айтты. Оның сөзінше, әлдекімдер, тіпті, аурудың жоқтығы жайлы қауесетке сене бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: ТЖ режимі тоқтаған соң біз босаңсып кеттік

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"ТЖ режимін тоқтатқан соң біз босаңсып кеттік. Мұны мойындау керек. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлер нағыз қауіпті сәт артта қалды деп ойлады. Қауіп-қатерді жеткілікті түрде бағаламады, медициналық ережелерді сақтамады. Ал кейбір азаматтар бұл ауру жоқ деген қауесетке сене бастады.
Бірақ, COVID-19 бұрынғыдай қауіп төндіріп отыр, сондықтан үкімет карантин шараларын қайта күшейтті. Дегенмен, бұл күйзеліске ұшырауға себеп емес. Біз толық тіршілікпен өмір сүруді бастауымыз керек.
Әлем бойынша адамдар карантинде жанұяларымен қарым-қатынасын нығайтқанын, балаларына уақыт көп арнап жүргенін жеткізіп жатыр. Суретшілер, музыканттар мен ақындар шығармашылықпен жемісті айналысқанын айтады. Басқа сөзбен айтқанда, кез келген нашар жағдайдан пайда табуға болады. Әр дағдарыстың жаңа мүмкіндіктері бар. Біз бұл кезеңнен де өтеміз",- деді Тоқаев.

Айта кетейік, өткен тәулікте тағы 499 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 18231-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент: ТЖ режимі тоқтаған соң біз босаңсып кеттік