Выйти
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне үндеу жолдады. Президент оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жүктелген жауапкершілік туралы еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter парақшасына сілтеме жасап.

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жолдады

Көрнекі фото: pixabay.com

Президент өз жазбасында мемлекеттік қызметкерлердің ерекше жауапкершілікке ие екенін атап өтті. Олардың арқасында елде реформалар мен модернизация жүргізілуде. Мемлекеттетік қызметкерлер "ести алатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруға жауапты.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың заң талаптарын орындау да мемлекеттік қызметкерлерге байланысты екенін айтты.

Сөз соңында президент өзінің кәсіби мерекесін атап өтіп жатқандардың барлығына Қазақстанның одан әрі күшейіп, халықаралық аренада беделге ие болуына көмектесетін қиын жұмыстарында сәттіліктер тіледі.

Айта кету керек, мемлекеттік қызметкерлер күні Қазақстан үшін салыстырмалы түрде жас мереке. Биыл ол жетінші рет атап өтілуде.

Еске салайық, дәл осы күні қазақстандық полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін құттықтап, үндеу жолдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге үндеу жолдады