RU

Әйгілі әзілкеш Харламов 8 жыл бірге тұрған жарымен ажырасып жатыр

Танымал ресейлік әзілкеш Гарик Харламов пен белгілі актриса Кристина Асмус бірге өткізген сегіз жылдық отбасылық өмірден кейін ажырасып жатыр. Махаббаты берік болып саналған жұлдызды жұп бұл шешімді бір жыл бұрын қабылдағанымен, оны қалың жұртқа енді ғана хабарлауды жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram.asmuskristina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram.asmuskristina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ерлі -зайыптылар күні кеше өздерінің Instagram парақшаларында ажырасқалы жатқандарын жария етіп, барша желі қолданушыларын таңғалдырды.

Бұл көпшілік үшін күтпеген жағдай болғаны анық. Жұлдызды жұптың жанкүйерлері бұл ақпаратқа әлі де сене алмай жатқандарын айтуда.

Алайда, Харламов пен Асмус нақты шешім қабылдап, ресми түрде ажырасуға дайындалып жүр.

Олар бір-бірімен ұрыс-керіссіз, жақсы қарым-қатынаста қала отырып қоштасып жатқандарын жеткізді. Оған қоса, актриса отбасының шайқалуына оның "Текст" фильміндегі рөлінің еш қатысы жоқ екенін кесіп айтты.

Ерлі-зайыптылар бұл жағдайға қатысты журналистерге сұхбат бермейтіндерін алға тартты. Олар ажырасуын өзге әріптестері секілді үлкен хикая еткісі келмейтін көрінеді.

Айта кетейік, сегіз жыл бұрын отау құрған Гарик Харламов пен Кристина Асмустың бүгінде ортақ қызы бар. Бұл танымал әзілкештің екінші некесі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861715-jgili-zilkes-harlamov-8-zyl-birge-trgan-zarymen-azyrasyp-zatyr.html