Выйти
RU

Тоқаев коронавирустан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз біргеміз" онлайн-форумында коронавирус құрбандарының отбасыларына көңіл айтты. Сонымен қатар ол Covid-19 сынақтары оң нәтиже көрсеткендердің барлығына тезірек сауығып кетуді тіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев коронавирустан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, коронавирустан көз жұмғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде 127 адам қауіпті вирустың құрбаны болды.

Ол сонымен бірге қазір емделіп жатқан жандардың тезірек сауығуын тіледі.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға вирус әлі де азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салды.

Осыған байланысты ол барлығының денсаулығын қадағалап, жауапкершілікті және профилактикалық шараларды сақтау - қолдарды жуып, маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау маңыздылығын атап өтті.

Президент күн сайын дәрігерлер, полиция, әскери қызметшілер, еріктілер мен меценаттардың қауіпті вируспен күресіп жатқанын атап өтті.

Алайда, оның айтуынша, індетке қарсы күресте ең үлкен ауыртпалық дәрігерлердің, медбикелердің, тәртіп сақшыларының және жедел жәрдем қызметкерлерінің мойнына түскен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қазақстандықтардың ТЖ режимі тоқтаған соң босаңсып кеткенін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев коронавирустан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты