Выйти
RU

"Өте қорқынышты": Қазақстандық дәрігер коронавирустың зардабы туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық дәрігер Тимур Лесбеков "Халық алғысы" медалін марапаттау сәтінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус пандемиясының зардабы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

Тимур Лесбеков Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бөлімшесінің басшысы қызметін атқарады. Ол кардиохирургиядағы еңбек еткен 15 жылда дәл бұндай індетті көрмегенін жеткізген.

"Бүгінгідей қатерлі пандемия салдарын көрмедік. Бұл коронавирустың ерекшелігі –балаларымыз бен ата-аналарымызға зиянын келтіріп жатыр. Бүгін таңертең өз әріптесімді жансақтау бөліміне орналастырдым. Бұл өте қорқынышты.

Біздің үнемі жұмыста болып, отбасымыздан жырақта жүргеніміз үшін емес, вирустың шекараға бағынбайтыны қорқынышты. Бақытымызға орай, науқастардың көрер жарығы бар немесе үмітсіз деп бөліп жатқан жоқпыз. Барлығын бірдей емдеуге тырысудамыз", - деді медицина қызметкері.

Дәрігердің айтуынша, коронавируспен күрес арқылы едәуір тәжірибе мен құрал-жабдықтар жинақталды және ең бастысы – вирусты жеңу мүмкіндігі бар.

"Мұнда бір ғана дәрігерлердің еңбегі жеткіліксіз. Тұтас халықтың бірігуі маңызды. Коронавируспен күрес – әр адамның міндеті. Осылай ғана қатерлі ауруды жеңе аламыз. Бүгінгі марапат үшін, азаматтарымызды қорғау мүмкіндігі үшін шын жүректен қуаныштымын", - деді дәрігер.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Айта кетейік, Қазақстан президенті "Біз біргеміз" онлайн форумындағы бейнеүндеуінде қазақстандықтар ТЖ режимі тоқтаған соң босаңсып кеткенін айтты. Оның сөзінше, әлдекімдер, тіпті, аурудың жоқтығы жайлы қауесетке сене бастаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өте қорқынышты": Қазақстандық дәрігер коронавирустың зардабы туралы айтты