Выйти
RU

Елімізде вирусты емдеуге неліктен гидроксихлорохин қолданылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гидроксихлорохинді сынақтан өткізуді тоқтатқан болатын. Соған қарамастан, аталған препарат Қазақстанда коронавирусты емдеуге қолданылып жүр. Бұның себебін орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында отандық инфекционист Динагүл Баешева түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: David Talukdar/NurPhoto via Getty Images

Фото: David Talukdar/NurPhoto via Getty Images

Ол гидроксихлорохиннің Covid-19-ды емдеудің қазақстандық хаттамаларында сақталғанын, бұл халықаралық және жеке тәжірибеге сүйеніп қабылданған шешім екенін жеткізді.

Дәрігердің айтуынша, вирусқа қарсы басқа препараттар көмектеспеген кейбір науқастардың жағдайы гидроксихлорохиннің көмегімен 5 күнде жақсарған – ол АҚШ, Еуропа және өзге елдердегідей дерттің ауырлық деңгейіне байланысты қолданылады.

Сондай-ақ, Қазақстан жапониялық "Фавипиравир" препаратын қолдануға мүдделі – қазір ол сынақтан өткізіліп жатыр.

Бұған дейін ДДСҰ гидроксихлорохинді коронавирусты емдеуге арналған препарат ретінде сынақтан өткізуді тоқтатқан болатын. Бұған оның науқастар арасында өлім қаупін арттырады деген ақпарат себеп болды.

Ал маусым айының басында Ұйым аталған препаратты сынақтан өткізуді қайта қолға алатынын мәлімдеді. Оның өлім қаупіне әсерін зерттей келе мамандар гидроксихлорохинді қолданудан бас тартуға негіз жоқ деп шешкен.

Айта кетейік, Қазақстан президенті "Біз біргеміз" онлайн форумындағы бейнеүндеуінде қазақстандықтар ТЖ режимі тоқтаған соң босаңсып кеткенін айтты. Оның сөзінше, әлдекімдер, тіпті, аурудың жоқтығы жайлы қауесетке сене бастаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде вирусты емдеуге неліктен гидроксихлорохин қолданылады