Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп АҚШ-тың экс-президенті Обаманы сатқындық жасады деп айыптады

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің бұрынғы басшысы Барак Обаманы мемлекеттік сатқындық жасады деп айыптап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Дональд Трамп. Фото: Go Nakamura/Bloomberg/Getty Images
Дональд Трамп. Фото: Go Nakamura/Bloomberg/Getty Images: Getty Images

Трамптың 2016 жылы сайлауалды науқанында оның компаниясын біреу тінтігенін айтты. Бұл туралы президент CBN News телеарнасына берген сұқбатында жеткізген.

"Бұл мемлекетке сатқындық. Мен осыдан біраз уақыт бұрын сөз сөйлегенде, мен олардың біздің кампаниямызды тінтіп жүргенін айтқан болатынмын. Олар тың тыңдаған. Олар менің кампаниямды тінтіген, мен осыған дейін де айтқанмын. Расымен де солай болып шықты", - деді ол.

Еске салсақ, осыған дейңн Трамп АҚШ полициясын реформалау жөніндегі жарлыққа қол қойған болатын.

Тиісті құжатқа сәйкес, полиция департаменттеріне бөлінетін гранттардың мөлшері өзгереді. Сонымен бірге кадр таңдауда да асқан сақтық талап етілген.

Полиция саласына бұрын заң бұзған адамар алынбауы керек.

Айта кетерлігі, Ақ үйде өткен жарлыққа қол қою рәсіміне елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полициямен қақтығысып, қаза тапқандардың туыстары да қатысты.

Президент тәртіп сақшыларының қоғам алдында есеп беруге тиіс екенін және олардың кәсіби біліктілігі мен моральдық талаптарының көтерілуі туралы мәлімдеді.

Трамп өз сөзінде Барак Обаманы сынға алып, оның бұл салаға реформа жасауға талпынбағанын, сол себепті бұл реформаны қазіргі президент жасап жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861747-tramp-aks-ty-eks-prezidenti-obamany-satkyndyk-zasady-dep-ajyptady/

pixel