RU

18+: Төсек қатынасынан ләззат алу үшін әйелдер не жеу керек

Ерлі-зайыптының арасындағы төсек қатынасын "ұят" деп санауға болмайды. Әрине, жұбайлардың міндетіне кіретін жатын бөлмедегі жақындық кезінде ерлі-зайыпты ләззатқа бөленіп, сезімнің шыңына жете алуы тиіс. Ендеше, жыныстық қатынасқа деген сұранысты қанағаттандыру үшін әсіресе әйел қандай өнімдерді тұтынуы керек? Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап жауап береді.

18+: Төсек қатынасынан ләззат алу үшін әйелдер не жеу керек
Көрнекі фото: segodnya.ua: Twitter

Құлпынай

Құрамында цинк мөлшері мол болғандықтан, бұл өнімді қаншалықты жиі тұтынсаңыз, ағзаңызды жандандырып, жыныстық талабыңызды жүзеге асырып, жатын бөлмеңізде тиісінше ләззат шарабын жұтуыңызға себеп болады.

Бал

Балдың адам ағзасына пайдалы қасиеттерін тізбектеп жатудың қажет бола қоймас. Дегенмен, күнделікті қанттың орнына балды пайдалансаңыз, некелі төсегіңіз де бал татитын болады.

Шоколад

"Бақыт гормоны" деп аталатын серотонинді арттыратын осы азықтың түрі әйелдің жыныстық қатынасқа деген ықыласын арттыра түседі.

Балдыркөк(Сельдерей)

Ежелден-ақ қолданыста болған осы балдыркөкті "ләззат шақыру" мақсатында пайдаланып келген. Әлі де қолданыстан түскен жоқ.

Зәйтүн немесе Зәйтүн майы

Е дәруменіне бай осынау жемісті адам ағзасының саулығы үшін және тағы да басқа көптеген мақсаттарда қолданады. Біздің айтпағымыз, зәйтүн майын қолдану әйелдің жыныс мүшелерінің сезімталдығын арттырады.

Қызыл балық

Қызыл балық және оның түрлері серотонин және эстроген гормондарына бай. Одан бөлек Омега қышқылымен организмді байытады. Мұның барлығы да жыныстық саулық үшін өте қажет.

Даршын (корица)

Әртүрлі тәтті пісірмелерге қолданылатын осы даршынды жиі қолдану әйелдің жыныстық құмарлығын қалыпқа келтіретінін білесіз бе?! Жұпар иісі бар даршынды түрлі тағамдарға қосып тұтынуға да болады.

Асқабақ дәні

Асқабақ дәнін әйел де, ер азамат та жыныстық саулықты күшейту үшін жиірек тұтынғаны абзал.

Імбір (имбирь)

Күн сайын бал қосылған шаймен бірге зімбір ұнтағын араластырып ішу әйелдің сексуалды өмірін жақсы жаққа өзгертеді.

Бадам (миндаль)

Мамандардың айтуынша, бадамның дәнін тағам ретінде тұтыну ғана емес, бадамның хош иісінің өзі әйелдің төсекке деген құштарлығын арттыратын көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861749-18-tsek-katynasynan-lzzat-alu-sin-jelder-ne-zeu-kerek.html