2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Қырғызстанның премьер-министрі бастаған шенеуніктер айыппұл төлеуге міндеттелді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкектің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығы үкімет үйінің алдында маска тақпай және арақашықтық сақтамай суретке түскені үшін үкімет мүшелеріне 752 мың теңге (140 мың сом) айыппұл салды. Бұл туралы 23 маусым күні орталықта хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ akipress сайтына сілтеме жасап.

Бішкекте маскасыз суретке түскен үкімет мүшелеріне 752 мың теңге айыппұл салынды

Фото: kg.akipress.org

Айыппұл 28 адамға салынған.

Олардың қатарында премьер-министр Кубатбек Боронов, экс-премьер-министр Мухаммедкалый Абылғазиев, вице-премьер-министр Аида Исмаилова, вице-премьер-министр Акрам Мадумаров, вице-премьер-министр Эркин Асрандиев және бөлім басшылары мен басқалар бар.

Олардың әрқайсысы тәртіпбұзушылық туралы кодекстің 150-бабы 1-бөліміне сәйкес, 5 мың сомнан төлеуі тиіс. Суретте 124 адам бар, олардың тек екеуі ғана маска таққан.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері қоғамдық орындарында мұрны мен аузын жабудың орнына масканы иегіне қойып жүретін жандарға шүйліккен еді.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Қазақстандағы коронавирустың өршуінің басты белгісі байланыстардың көбеюі.

Осы орайда Есмағамбетова қазақстандықтарға қажетсіз байланысты тоқтатуды және басқа адамдардан 1 метр ара қашықтық сақтауды, жабық жерлерде масканы дұрыс тағуға шақырған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстанның премьер-министрі бастаған шенеуніктер айыппұл төлеуге міндеттелді (фото)