Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі қаладағы жылжымайтын мүлік: Болат Бақауовтың меншігінде тағы не бар

Опубликовано:

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

27 мамырда жарияланған №2 Павлодар қалалық сотының үкімінде Павлодар облысының бұрынғы басшысы Болат Бақауовтың мүлкіне қатысты тыйым алыну керек екені айтылған. Үкімде сол мүліктердің тізімі көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы сот үкіміне сілтеме жасап.

Болат Бақауовтың тыйымнан босатылған мүлкінің тізімі үш тармақтан тұрады. Тізімде екі қаладағы жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қомақты ақша бар.

Сонымен қатар, бұрынғы шенеунік Павлодар қаласының орталығында тұрғын үй, моншасы бар жер теліміне иелік ететіні көрсетілген.

Қаланың орталығындағы жылжымайтын мүліктің құны 130 миллион теңгеге жетеді.

Сондай-ақ тізімде Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы пәтер мен автотұрақ бар. Олар "Нұр Әлем" павильонының маңында орналасқан, серуендеу үшін ботаникалық баққа баруға болады.

Бүгінде көрші пәтерлердің құнын қожайындары әртүрлі бағалайды.

Мәселен бір бөлмелі пәтер үшін 11 миллион теңге сұрайды, екі бөлмелі пәтер 30 миллионнан бастап, үш бөлмелі пәтердің бағасы 68 млн-ға жетуі мүмкін. Ең қымбаты төрт бөлмелі пәтерлер, олардың бағасы 42-ден 82 миллионға дейін бағаланады.

Сот үкімінде Нұр-Сұлтандағы пәтер ортақ меншік құқығында екендігі айтылған.

Сонымен қатар 10 мың долларға салынған тыйым да алынған еді. Айта кету керек, дәл осындай сома іс бойынша заттай дәлел ретінде көрсетілген болатын. Сот шешімі бойынша ақша Болат Бақауовқа табысталды.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Жақында Павлодар өңірінің бұрынғы әкіміне сот үкімі шығып, оның 3,5 жылға бас бостандығы шектелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861759-eki-kaladagy-zylzymajtyn-mlik-bolat-bakauovty-mensiginde-tagy-ne-bar/

pixel