RU

Ақтауда 12 жастағы жеткіншек үш күннен бері табылмай жатыр (фото)

Ақтауда жақындары 12 жастағы баланы үш күннен бері іздестіріп жатыр. Александр Морозов 21 маусым күні үйінен шығып, қайта оралмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда 12 жастағы бала үш күннен бері табылмай жатыр
Фото: Lada.kz: Facebook

Туыстары 12 жастағы Александр Морозовтан әлі хабар ала алмай отыр. Баланың әпкесінің сөзінше, ол 21 маусым күні сағат 21:00 шамасында достарымен серуендеуге шығып, үйге оралмаған.

"Біз оны достарының үйінен іздедік, қонып қалды ма деп ойладық. Бірақ, ол еш жерде болмады. Кеше, 22 маусым күні оны достарымен бірге Өмірзақ ауылының таксистері көріп қалған. Ол "Достар" жағалауына такси ұстап тұрған. Біз де жағалауға бардық, оны көрдік. Ол да бізді көрді. Бір нәрседен қорықты ма білмеймін, қашып кетті. Кешке балалар оны жағалаудан көргенін айтты. Мен тағы барып, түнгі 1-ге дейін іздедім. Таппадым. Одан кейін Александрды ешкім көрмеген", - дейді жеткіншектің әпкесі Елена.

Айта кетейік, Александр Морозовтың үстінде сұр түсті жейде мен қоңыр шорты бар.

Ол жайлы кез келген ақпарат бойынша төмендегі нөмірге хабарласа аласыздар: 8 (771) 601-67-20 (Елена).

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның құтқарушылары мамыр айының басында көршілес елде дамба жарылған кезде із-түзсіз жоғалған әскери қызметшіні іздестіріп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861764-aktauda-12-zastagy-zetkinsek-s-knnen-beri-tabylmaj-zatyr-foto.html