Выйти
RU

"Ішін ешкім көре алмайды": Англияда ерекше үй сатылымға қойылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Англияда ескі баспана небәрі 1 мың фунт стерлингке сатылымға қойылды. Алайда бір қызығы, үйді сатып алуға келген адамдар оның ішіне кіріп көре алмайды деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрмей жатып

Фото: HullLive

Жақында Ұлыбританияның Хулу қаласында жылжымайтын мүлік аукционында ерекше лот пайда болды. Яғни аукционға бастапқы бағасы небәрі мың фунт болатын үй сатылымға қойылған.

Үйде екі жатын бөлме, кішігірім терасса бар. Үйдің арзан болуына оның жуырда өртке оранғаны себеп болып отыр.

Баспанаға қатты зақым келгендіктен, онда түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

Аукцион кезінде үйге кіру мүмкін болмаған. Сол себепті оның ішінің қандай екенін ешкім білмейді.

Жабық тұрған кіреберіс пен коронавирус инфекциясының салдарынан үйдің ішкі көрінісін тек ғаламтордан көруге болады. Google IT-корпорациясының суреттеріне қарағанда үй қаланың қауіпті ауданында орналасқан.

500 мың теңгеге сатылымға қойылған баспананың сыры бар болып шықты

Фото: Google Street View

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін америкалық ерлі-зайыптылардың ескі "лашықты" соңғы үлгідегі сәнді баспанаға айналдырғанын жазған едік.

Софи-Клэр Хеллер мен Тим есімді ерлі-зайыптылар бір жыл бұрын Нью-Йорктің Хэмптон ауданынан апатты жағдайда тұрған үйді сатып алған. Ал тоғыз айдан кейін қос ғашық баспананы адам танымастай етіп өзгерткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ішін ешкім көре алмайды": Англияда ерекше үй сатылымға қойылды (фото)