2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg-ге сілтеме жасап.

Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды

Фото: 24.kg

Бішкек қаласының Бірінші май аудандық сотында криминалды әлемнің серкесі Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша сот қарауы аяқталды.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты. Бұған дейін прокурорлар оның мүлкін тәркілеумен қоса 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Талқылау бөлмесінен шыққаннан кейін сот Эмильбек Кайыпов Алмазбек Атамбаевты мүлкін тәркілеумен бірге 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айта кетейік, қылмыс әлемінің белсендісін заңсыз босатуға қатысты тергеу 2019 жылдың қаңтарында қайта жанданған болатын. Іс сол жылдың қазан айында сотқа жіберілді.

Айыпталушылардың жалпы саны 19 адам. Олар – сотталғанға диагноз қойған дәрігерлер мен зертханашылар, мемлекеттік жазалауды орындау қызметінің өкілдері және бұрынғы мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевпен қоса басқа да жоғары лауазымды тұлғалар.

Еске салсақ, бұған дейін қылмыс әлемінің серкесін босатқаны үшін Алмазбек Атамбаев 15 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды