2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Қамалжан Надыров: Дәріханадан дәрі іздеп, даурығудың қажеті жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматының бас дәрігері Қамалжан Надыров қала тұрғындарын өзін-өзі емдемеуге және дәріханаға бармауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Дәріханадан дәрі іздеп, даурығудың қажеті жоқ": Надыров тұрғындарға кеңес берді

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазір біз әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп отырмыз. Онда дәріханаларда дәрі тапшылығы туралы көп жазылып жатыр. Әсіресе, вирусқа қарсы препараттар жоқ дейді. Мен сіздерді мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Профилактика үшін дәрі ішуге болмайды. Ол аурудың алдын алмайтынын ескерткім келеді", – дейді Қамалжан Надыров.

Сонымен қатар, Надыров емді дәрігердің кеңесімен жүргізу керектігін баса айтты. Әйтпесе, одан нәтиже шықпайды немесе өміріңізге қауіп төнуі мүмкін.

"Сондықтан мен алматылықтарды бекер даурығып, дәрі сатып алу үшін дәріханаға жүгірмеуге шақырамын. Дәрілерді дұрыс қолданбаса, оның қарсы көрсеткіштері барын ұмытпау керек. Сондықтан өте мұқият болған абзал", – дейді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске салсақ, бүгін онлайн брифинг кезінде Қамалжан Надыров Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қамалжан Надыров: Дәріханадан дәрі іздеп, даурығудың қажеті жоқ