Выйти
RU

"Бұрын-соңды болмаған жағдай": Мексикада дүние есігін енді ашқан үшемнен COVID-19 анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мексикада дүниеге келген үшемнен коронавирус анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасы сілтеме жасап.

Мексикада дүние есігін енді ашқан үшемнен COVID-19 анықталды

Көрнекі фото: oren.mk.ru

Сан-Луис-Потоси штатында 17 маусым күні үшем (екі ұл мен қыз) дүниеге келген. Ережеге сәйкес, жаңа туған нәрестелерден COVID-19 сынамасы алынған. Нәтижесінде үш баланың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Елдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мигель Анхельдің айтуынша, бұл – әлемде бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал балалардың ата-анасында коронавирус инфекциясының белгілері болмаған.

Қазіргі уақытта екі сәбидің жағдайы тұрақты, оларда COVID-19 белгілері жоқ. Бір нәрестеде ғана індеттің белгілері байқалады.

Сонымен қатар олардың ата-анасымен және балалармен байланыста болған медициналық қызметкерлер оқшауланып, COVID-19-ды анықтауға арналған тест тапсырған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 2019 жылғы бүлдіршін коронавирус жұқтырған хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Петропавлда бес жасар баладан коронавирус анықталғанын да жазған болатынбыз. Белгілі болғандай балақай ауырғандармен байланыста болғаны үшін стационарда оқшауланған. Кейін одан COVID-19-ға алынған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бұрын-соңды болмаған жағдай": Мексикада дүние есігін енді ашқан үшемнен COVID-19 анықталды