RU

Өмірзақ Шөкеевтің 21 жастағы кеңесшісі коронавирус жұқтырып алды

Биыл көктемде Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болған Асыл Алдабергеннен коронавирус анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Өмірзақ Шөкеевтің 21 жастағы кеңесшісі коронавирус жұқтырып алды
Асыл Алдаберген. Фото: facebook.com/assil.aldabergen.7: UGC

Бұл жаңалықты 21 жастағы Асыл Алдаберген өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазған.

Ол Covid-19-ға тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін жеткізді.

Дегенмен Асыл Алдабергенде ауру белгілері байқалмаған, сондықтан ауруханаға бармаған. Сонымен қатар ол өзімен жақын байланыста болғандардың барлығынан тексерілуін сұрады.

Еске салайық, Асыл Алдаберген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің штаттан тыс кеңесшісі болып, наурыз айында тағайындалған еді.

Жас маман облыс басшысына жемқорлықпен күрес жөнінде кеңес береді.

Кеңесшінің өзі NUR.KZ тілшісіне ресми түрде жұмыс істейтінін және жоба кеңсесінде жалақы алатындығын айтты. Ал жаңа қызметі үшін ешқандай ақша төленбейтінін жеткізген еді.

Сонымен қатар, Асылдың айтуынша, оны бұл лауазымға тағайындау күтпеген жаңалық болмаған, өйткені мұндай кеңесшілер еліміздің бірқатар облыстарының әкімдерінде пайда бола бастаған.

Ата-анасы жаңа лауазымы туралы білгенде, бұл жұмысқа қарсы болған, себебі олар көпшіліктің реакциясын күтіп, ұлының жастығына баса назар аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861816-mirzak-skeevti-21-zastagy-keessisi-koronavirus-zktyryp-aldy.html