Выйти
RU

Ауғанстан президенті Назарбаевқа қоңырау шалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар аймақтағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстан президенті Назарбаевқа қоңырау шалды

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: akorda.kz

Әңгімелесу барысында Ауғанстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және коронавирус сырқатынан тезірек сауығып кетуін тіледі.

Тараптар өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Ашраф Ғани Қазақстанның Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі жүйелі іс-қимылдарын жоғары бағалады.

Елбасы Ауғанстан көшбасшысына жылы лебіздері үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. 

Телефон арқылы сөйлесуге Ауғанстан тарапы бастамашы болды.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны 18 маусым күні белгілі болды.

Осыдан кейін бірқатар елдің басшылары Елбасына жеделхат жолдап, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Олардың қатарында Иордания Королі және Ресей, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Сербия, Хорватия, Қытай Халық республикасының президенттері бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауғанстан президенті Назарбаевқа қоңырау шалды