Выйти
RU

Коронавирус: Надыров Алматыда ауыр науқастардың көбею себебін түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басшысы Қамалжан Надыров мегаполистегі соңғы уақытта COVID-19 жұқтырған "ауыр" науқастар санының өскенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҚДСБ Алматыда коронавирустың ауыр жағдайларының көбеюін түсіндірді

Фото: Robert Nickelsberg / Contributor / Getty Images

Надыровтың айтуынша, қалада эпидемия басталғалы бері (2020 жылдың 13 наурызында) COVID-19 инфекциясын жұқтырған ауру деңгейі әртүрлі жалпы 3 429 адам тіркелген.

Сондай-ақ, осы кезеңде коронавируспен ауырған 2 177 адам медициналық мекемелерден шыққан. Бүгінгі күні 1 388 пациент қалалық ауруханаларда COVID-19 ем алуда.

Бұл жағдайлардың көпшілігін дәрігерлер аурудың орташа ауырлығына жатқызады. Пациенттер қатарында 194 адамның жағдай қанағаттанарлық.

150 қазақстандықтың жағдайы ауыр, тағы 20 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Алматыда жалпы саны 20 адам коронавирустың құрбаны болған.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Надыров қалада ауыр науқастардың саны неге көбейіп жатыр деген сұраққа жауап табу үшін дәрігерлер сараптама жүргізгенін айтты. Олар бұл ағзасында қосымша аурулары бар пациенттердің көбеюіне байланысты деген тұжырымға келген.

"Қазір ауыр халде жатқан науқастар қант диабетімен, жүрек ауруларымен ауырады. Оларда сондай-ақ артериялық гипертензия байқалады", – басқарма басшысы.

Сонымен қатар пациенттердің жасы мен ауру кезінде денсаулығының нашарлау қаупі арасында байланыс бары анықталды: пациенттердің 80 пайыздан астамы 60 жастан асқан адамдар.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Надыров Алматыда ауыр науқастардың көбею себебін түсіндірді