Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жаңаөзенде COVID-19 жұқтырып алған тағы бір науқас қайтыс болды. Марқұм 1942 жылғы әйел болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Азаматша 20 маусым күні инфекциялық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. Ақ халаттылар науқастың өмірі үшін үш тәулік бойы күрескенімен, оны аман алып қала алмады. Арнайы комиссия мүшелері әйелдің COVID-19 вирусынан көз жұмғанын растады.

23 маусымдағы жағдайға байланысты Жаңаөзен қаласындағы көпсалалы аурухананың инфекциялық госпиталінде коронавирустан тоғыз адам емделіп жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, олардың екеуі ауыр жағдайда болса, қалған жеті науқастың жағдайы орташа деңгейлі болып бағалануда.

Оған қоса, қалада бүгінде 15 маусымнан бастап, пневмония диагнозымен 76 адам тіркелді. Тағы 33 науқастан ПТР тәсілі бойынша анализ алынып, нәтижелері күтілуде.

Барлық науқастар қазір провизорлық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Терапия корпусында орын тапшылығы салдарынан кардиология мен неврологиядағы төсектер коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарға берілді.

Ақ халаттылардың сөзінше, коронавирусқа теріс нәтиже көрсеткен төрт науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды