Выйти
RU

БҚО-да жаңа шектеулер енгізіліп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысын жариялады. Ол 27 маусым күні сағат 00:00 бастап, 28 маусымның 00:00 дейін іске қосылмақ. Өңірде сенбі мен жексенбіде азаматтардың жүріп-тұруы шектеліп, сауда орталықтары жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жаңа шектеулер жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жарияланды. БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев облыста корнавирус инфекциясын жұқтыру саны көбейіп кеткенін мәлімдеді.

"Адамдарды түсіністік танытуға шақырамын. Сауда орталықтарында қажетті заттарды сатып алуға тағы бірнеше күн бар" , - деді ол.

Жаңа шаралар арасында азаматтардың облыс бойынша жүріп-тұруының шектелуі бар. Тек жұмысқа баруға рұқсат етілген. Тұрғындар ол үшін міндетті түрде жеке куәлігін көрсетуі керек.

Оған қоса, азаматтарға үйінің қасындағы дәріханалар мен дүкендерге, жедел оқиғалар бойынша медициналық мекемелерге баруға және үй жануарларын серуендеуге алып шығуға рұқсат етілді.

"Барлық саябақтар, жағалаулар жабық болады. Тағы бір маңызды жайт - cенбі мен жексенбіде қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылмақ. Біз осылай әрекет етуге мәжбүрміз. Бұл аралықта ауқымды дезинфекция ұйымдастырылады. КВИ бойынша статистика қуантарлық емес. Азаматтардың жеке жауапкершілігі бірінші кезекте тұр" , - деді Мұхтар Манкеев.

Тағы да оқыңыздар

"Қауіп арта түсуде": Алтай Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады (видео)

Сонымен қатар, облыста автокөліктердің қозғалысы шектелмек. Тек коммуналдық қызметтер мен арнайы қызмет көліктеріне рұқсат берілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да жаңа шектеулер енгізіліп жатыр