Выйти
RU

Степногорск пен Көкшетауға қатаң карантин енгізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 24 маусымында Ақмола облысының екі қаласы Көкшетау мен Степногорскте қатаң каратин енгілізеді. Тиісті құжатқа Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қаулының текстіне сәйкес, жаңа шектеу шаралары Ақмола облысы бойынша енгізілмек. Шаралардың үш түріне толық тыйым салынған:

  • Кинотеатрлар, СО мен СОО, көрмелер, театрлар мен көп адам жиналатын басқа да жерлердің жұмысына тыйым салынды;
  • Жоспарлы скринингтер, профосмотрлар үрдісі мен ауруханаға жатқызу уақытша тоқтатылды;
  • Мерекелік, спорттық, көрме, еске алу, отбасылық және тағы басқа ауқымды жиналыстарды өткізуге тыйым салынды.

Облыс аумағында міндетті маскалық режим енгізіліп жатыр. Өңірдің барлық тұрғындары өз үйі мен пәтерлерінен шыққан уақытта барлық жерде медициналық бетперде тағуға міндетті.

Сонымен қатар, 65 жастан үлкен адамдарға үйден шығуға тыйым салынды. Себебі, ол коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша тәуекел обына кіреді. Оларға туысқандарын қонаққа баруға, саябақтарда серуендеуге және өз үйінде отырыстар ұйымдастырмауға кеңес беріледі.

ЖРВИ алғашқы симптомдары пайда болған жағдайда жедел түрде дәрігерлерге 103 нөмірі бойынша хабарласу керек.

Тағы да оқыңыздар

"Қауіп арта түсуде": Алтай Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады (видео)

Көкшетау мен Степногорск қалаларының аумағында 24 маусының түнінен бастап қатаң карантин енгзіліп жатыр. Қос шаһардың шығаберісінде қайтадан блок-бекеттер орнатылды. Қалаға тек кейбір адамдарға рұқсат етіледі.

Қос қала бойынша сағат кешкі он мен таңғы алтыға дейін адамдардың жүріп-тұруына тыйым салынады. Бұл шара қатаң карантиннің аяқталуына дейін сақталады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер, СЭС пен апаттық қызметкерлер, қала мекемелерінің өмір сүруі үшін маңызды жұмысшыларға жүруге болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Степногорск пен Көкшетауға қатаң карантин енгізіледі