Выйти
RU

"Полиция ұлымды мүгедек қылды": Атыраулық тұрғын тәртіп сақшыларына шағымданды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылының тұрғыны тепсе темір үзетін ұлын жарымжан қылған полиция қызметкерлері 4 айдан бері өз жазасын алмай отырғанын айтып, шағымданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

"Полиция ұлымды мүгедек қылды": Атыраулық малшы полицияға шағымданды

Видеодағы кадрлар

Тұрғынның айтуынша, өздерінің отбасылық шаруа қожалығында мал бағатын ұлын тәртіп сақшылары жапан далада қызметтік көлікпен қағып кеткен.

"Шаруашылығымды басқарып отырған, менің малымды бағып отырған менің ұлым. Қазір мүгедек болып қалды. Оның орнына басқа біреуге бақтыруға мәжбүр болып отырмын. Осы мені қынжылтады. Айтқан сөзімді біздер дәлелдей алмай, полиция қызметкерлеріне дәлелдей алмай отырмыз. Суретіне дейін әкеп бергенде істі қыстартып жіберіп отыр", – дейді Бақтыгерей Сейітханов.

Басы жарылып, аяғы сынып, көзінен ауыр жарақат алған 37 жастағы Әбілсейіт қазір мал бақпақ түгілі, біреудің қол ұшынсыз жүріп-тұрудан қалған. Өмір мен өлім арасында арпалысқан сәті әлі есіңде көрінеді.

Биылғы жылдың 26 ақпан күні мотоциклімен әдеттегідей мал қарауға шыққан екен.

"Мені көргенде олар ақбөкендерді қуып жүрді. Мен қабақ үстіне шыққанда олар тұрып қалды. Не себептен тұрып қалғанын білмеймін. Өзім малыма қарай бағыт алдым. Қабақ үстіне шығып келе жатқанда келіп қалды. Тарс еткендей болды. Атқандай боп естілді", – дейді Әбілсейіт Сейітханов.

Тағы да оқыңыздар

Өзгені құтқарамын деп мерт болған ақтөбелік полицейдің сүйіктісі алғаш рет сұхбат берді

Ағайындары Әбілсейітті тек келесі күні ғана іздеп тапқан, оның өзінде ауруханадан.

Полицейлер далада рейдте жүргендерін айтып, төсекке таңылған малшы жігіттің үстінен заңсыз киік аулап жүрді деген айыппен іс қозғаған. Бірақ айып дәлелденбей, іс тоқтатылыпты.

Ал Әбілсейіттің туыстары еш қылмысы жоқ азаматты мүгедек қылған учаскелік полицейлердің жауапқа тартылмағанына наразы. Бастапқыда қылмыстық іс тергелгенмен, кейін түрлі себептермен іс тоқтатылыпты.

"Азғыр полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларына қатысты Қылмыстық Кодекстің 362-бабының І бөлігімен қозғалған қылмыстық іс жан-жақты толық, объективті тергеліп, қорытындысына сәйкес, барлық жинақталған құжаттарды, дәлелдемелерді зерделей отырып, Процесуалдық Кодекстің 35-бабының 2 бөлігі негізінде өндірістен тоқтатылды", – дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Аурухана есігін тоздырған жігіттің туыстары әріптестерінің қылмысын жасыру үшін полицейлер көп нәрсеге көз жұмып отыр деген пікірде.

"Тергеушісі Сыдиқов оқиға жол апаты болған кезде жол сызбаны сызбаған. Яғни құмның арасында болған. Полиция қызметкерлерінің автокөлігінің бампері жоқ, соны жоқ деп. Мұны қаққан кезде қасақана істемеген деп істі тоқтатуға тура келді деп айтқан. Қылмыстық әрекет жасағаннан бұлар февраль айынан бастап әлі жұмыста жүр", – дейді адвокат Болат Олжабаев.

Тағы да оқыңыздар

"Бір тісі жоқ": Шымкентте аяусыз соққыға жығылған келіншектің әпкесі жанайқайын айтты

Қазір тоқтатылған қылмыстық істің заңдылығын облыстық прокуратура зерттеп жатыр. Олар бір ай ішінде нақты бағасын беруі қажет. Ал еш алаңсыз мал бағып жүріп, мүгедекке айналған жігіттің туыстары кінәлі тарап жазаланбайынша, беріспейміз деп отыр.

Б. Надирқызы

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының тәртіп сақшылары Жетіген ауылында тұратын 79 жастағы тұрғынның соққыға жығылу оқиғасына қатысты мән-жайды анықтаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Полиция ұлымды мүгедек қылды": Атыраулық тұрғын тәртіп сақшыларына шағымданды