RU

Бразилияның танымал футболшысы "Қайратқа" ауысты (видео)

Ресей ЦСКА футбол клубының жарық жұлдызына айналған бразилиялық форвард Вагнер Лав кәсіби спорттық мансабын алматылық "Қайратта" жалғастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Вагнер Лавтың Instagram парақшасынан алынды
Фото: Вагнер Лавтың Instagram парақшасынан алынды: Instagram

Аяқ доп шебері Вагнер Лав қазақстандық "Қайрат" футбол клубына ауысты. Бұл туралы шабуылшы Instagram әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында мәлімдеген.

Келісім шарт туралы толық ақпарат әзірге жарияланбады.

Айта кету керек, "Қайрат" футбол клубы әлі де болса, ауысым туралы хабарламады.

Осыған дейін 36 жастағы бразилиялық футболшы ЦСКА қатарына қосылуы мүмкін деген ақпарат желдей ескен болатын.

Шабуылшы бұған дейін ресейлік клуб қатарында 2004 жылдан 2012 жылға дейін және 2013 жылы өнер көрсеткен. Ол Ресей чемпионаттарындағы (85) және Еуропа жарыстарындағы (30) соққан голдар саны бойынша ЦСКА-ның рекорд орнатқан ойыншысы.

Вагнер Лавтың осы кезге дейінгі соңғы клубы "Коринтианс" болды. Өткен аптада ол Бразилия құрамасымен келісім шартын бұзған болатын.

Еске салсақ, коронавирус пандемиясына байланысты көптеген елдің футболдан ішкі чемпионаттары мен еурокубок матчтары тоқтатылған болатын. Осы орайда, футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының қалған матчтарының өтетін орны мен жаңа форматы белгілі болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861854-braziliany-tanymal-futbolsysy-kajratka-keldi.html