Выйти
RU

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 18765-ке жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте тағы 534 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 18765-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

123 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 77, Атырау облысында - 65, Шығыс Қазақстан облысында - 47, Шымкент қаласында - 47, Қарағанды облысында - 43, Алматы қаласында - 41, Батыс Қазақстан облысында - 35, Түркістан облысында - 34, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Алматы облысында - 23, Ақмола облысында - 19, Ақтөбе облысында - 18, Павлодар облысында - 14, Маңғыстау облысында - 13, Қызылорда облысында - 12, Қостанай облысында - 11, Жамбыл облысында - 10 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды. Ауру өсімі 2,9 пайыз", - делінген хабарламада.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда Covid-19-ды 11514 адамда жеңіп шықса, 134 науқас қайтыс болды. Соңғы өлім жағдайлары Ақмола облысы мен Алматы қалаларында тіркелген.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 18765-ке жетті