Выйти
RU

Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сербиялық теннисші, ерлер арасында әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович Хорватиядағы турнирде коронавирус жұқтырып алған. Спортшының әйелінен де инфекция анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы euronews.com-ға сілтеме жасап.

Фото: James D. Morgan/Getty Images

Фото: James D. Morgan/Getty Images

"Біз турнирді вирус бәсеңдей бастағанда ұйымдастырған едік. Қазіргі жағдайда жарысты өткізуге болады деп сендік. Өкінішке орай, вирус кеткен жоқ және үйренуге тура келетін шындық. Мен турнирдегі әрбір вирус анықталған жағдай үшін қатты өкінемін. Бұл ешкімнің денсаулығына зиянын тигізбейді және барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Мен 14 күн бойы оқшауланамын. Бес күннен соң тағы тест тапсырамын", - деді Джокович.

Айта кетейік, бұған дейін сол турнирде болгариялық Григор Димитров пен хорватиялық Борна Чоричтен коронавирус анықталғаны белгілі болған еді.

Еске сала кетсек, осыған дейін коронавирусты қандай футбол жұлдыздары жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Олардың қатарында туриндік "Ювентус" ойыншылары Даниель Ругани мен Блюз Матюди және Пауло Дибала, "Милан" клубының аты аңызға айналған ойыншысы Паоло Мальдини мен оның ұлы Даниэль, "Челси" командасының 19 жастағы шабуылшысы Каллум Хадсон Одои, "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Маруан Феллайни, "Валенсия" қорғаушысы Эсекиэль Гарай бар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы коронавирус жұқтырды