Выйти
RU

Грузияда жаңа туған баласын сатпақ болған ата-ана ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Грузия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жаңа туған нәрестені сату-сатып алу дерегі бойынша үш адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ newsgeorgia.ge сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Грузияда жаңа туған баласын сатпақ болған ата-ана ұсталды

Көрнекі фото: pixabay.com

Тергеу амалдарына сәйкес, Душети қаласында (Мцхета-Мтианети қаласы) тұратын жұптың баласы 18 маусым күні дүниеге келген.

Олар жаңа туған нәрестені сатпақ болып, сәбиді 5 мың долларға сатып алуға келіскен адамды тапқан.

Аталған азамат Мемлекеттік реестрде баланың әкесі ретінде тіркеліп, туу туралы куәлікті алған. Артынша келісім шартқа сәйкес, ол ата-анаға келісілген соманы берген. Дәл осы уақытта қылмысқа қатысы бар үш адам да ұсталған.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ақша берудің жасырын видеосын жариялады. Қазір тергеу жұмыстары "кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты заңсыз мәміле" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Айыпталушылар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығыан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін Өзбекстанның Андижан қаласында тәртіп сақшылары сегіз айлық баласын 5 мың долларға сатпақ болған әйелді қылмыс кезінде қолға түсірген еді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Ташкент облысы Ахангаране қаласында үш айлық сәбиін 400 долларға сатып жібермек болған әйелді құрықтаған.

Ал Маңғыстау облысының тұрғыны банктегі 900 мың теңге несиесін жабу үшін туған сәбиін бейтаныс келіншекке беріп жіберген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Грузияда жаңа туған баласын сатпақ болған ата-ана ұсталды