Выйти
RU

Коронавирус тамақ арқылы жұғуы мүмкін бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустың жаңа типі азық-түлік арқылы жұға ма? Бұл сауалға қытайлық маман жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап

Коронавирус тамақ арқылы жұғуы мүмкін бе

Көрнекі фото: pixabay.com

ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің сарапшысы, тамақ қауіпсіздігін бағалау жөніндегі мемлекеттік орталықтағы биозертхана меңгерушісі Ли Фэнциннің айтуынша, коронавирустың жаңа типі тамақ арқылы жұқпайды.

Әзірге әлемде тамақ арқылы жұққан бірде-бір дерек тіркелмеген.

"COVID-19 тамақ өнімдері арқылы берілмейді. Әлем бойынша тамақтан ауру жұқтырған бірде-бір дерек тіркелген жоқ. Тамақтар бұзылған болуы мүмкін, бірақ СOVID-19 берілмейді", - дейді Ли Фэнцинь.

Маманның сөзінше, тамақ өнімдеріне екі жолмен инфекция түседі. Ол сыртында вирус болған қаптама материал арқылы немесе тамақ өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын вирус жұқтырған адам арқылы.

Айта кетейік, коронавирус тамақ өнімдері арқылы жұғуы мүмкін деген болжам Бейжің базарындағы коронавирустың қайта өршуінен кейін пайда болған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бейжіңде 56 күннен кейін коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген еді. COVID-19 диагнозы соңғы екі аптада қаладан шықпаған 52 жастағы азаматта расталған.

Сондай-ақ, Қытай астанасына көрші Баодин қаласында әскери режим енгізілген болатын. Оған Бейжіңдегі азық-түлік базарынан шыққан коронавирус дерегі себеп болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус тамақ арқылы жұғуы мүмкін бе