Выйти
RU

Қарағандылық оқушы шетелдік төрт жоғары оқу орнына шақырту алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандылық оқушы бірден төрт америкалық жоғары оқу орнына оқуға түсті. Алайда, бойжеткен олардың арасынан тек біреуін ғана таңдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Астана телеарнасы

Видеодан кадр/Астана телеарнасы

Әңгімеге арқау болған оқушының аты жөні Балнұр Төленова. Қыз бала бес тілді жетік меңгерген және экономика мен әлеуметтануға қатты қызығады.

Балнұр халықаралық емтихандарды оныншы сыныпты оқып жүрген уақытта тапсырып, өз нәтижелерін әлемнің түрлі университеттерінің жалпы базасына жіберген. Соның арқасында бірден төрт жоғары оқу орнынан шақырту келген көрінеді.

Балнұрдың таңдауы Род-Айленд штатының университетіне түсті. Онда оқу ақысы жылына 800 мың долларға дейін (320,3 миллион теңгеге жуық) жетеді. Бірақ сәтті тапсырылған емтихандар дарынды оқушыға тегін білім алуға мүмкіндік берді.

Қарағандылық оқушы халықаралық компанияларда жұмыс істеуді, стратегияларды, адамдармен жұмыс істеуді үйренуді жоспарлап отырғанын айтты. Балнұр содан кейін Қазақстанға келіп, жеке компания ашатынын жеткізді.

Төленова бітірген мектептің басшылығы түлектерімен мақтанатындарын мәлім етті.

"Бізде 6 оқушы шетелге АҚШ, Түркия, Венгрия, Ресейге түсті. Біздің мақсатымыз - олардың сонда білім алып, біздің елді жұмыс істеуі", - деді Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған мектеп менеджері Жазира Садуова.

Еске сала кетсек, 21 маусымда Қазақстанда мектеп түлектеріне арналған ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандылық оқушы шетелдік төрт жоғары оқу орнына шақырту алды