Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда полицейлер үш күн бұрын жоғалған 12 жастағы баланы тапты

Опубликовано:

Ақтауда полицейлер үш күн бұрын жоғалған 12 жастағы Александр Морозовты Өмірзақ ауылы маңындағы су ағызу арнасынан тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда полицейлер үш күн бұрын жоғалған 12 жастағы баланы тапты
Фото: Маңғыстау облысы полиция департаменті: UGC

Жақындары Александр Морозовтың жоғалғаны туралы арызды 23 маусым күні 14:30-да жазған.

Ал ювеналды полиция 12 жастағы жеткіншекті жарты сағат ішінде тапқан.

"Жасөспірім аман-есен. Ол Өмірзақ ауылы маңындағы су ағызу арнасынан табылды. Кәмелет жасқа толмаған бала Ақтау полиция басқармасына жеткізілді және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жақындары шақыртылды",- дейді ведомство баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Александр Морозовтың жоғалып кеткені туралы ақпарат БАҚ беттерінде күні кеше пайда болған еді. 21 маусым күні достарымен қыдыруға кеткен 12 жастағы бала үйге қайта оралмаған.

"Біз оны достарының үйінен іздедік, қонып қалды ма деп ойладық. Бірақ, ол еш жерде болмады. Кеше, 22 маусым күні оны достарымен бірге Өмірзақ ауылының таксистері көріп қалған. Ол "Достар" жағалауына такси ұстап тұрған. Біз де жағалауға бардық, оны көрдік. Ол да бізді көрді. Бір нәрседен қорықты ма білмеймін, қашып кетті. Кешке балалар оны жағалаудан көргенін айтты. Мен тағы барып, түнгі 1-ге дейін іздедім. Таппадым. Одан кейін Александрды ешкім көрмеген", - деген еді жеткіншектің әпкесі Елена.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861882-aktauda-policejler-s-kn-bryn-zogalgan-12-zastagy-balany-tapty/

pixel