Выйти
RU

Айгүл Мүкей әріптесі Қымбат Досжан екеуі 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде отандық танымал тележүргізушілер Қымбат Досжан мен Айгүл Мүкейдің 20 жыл бұрынғы суреті тарап кетті. Телевизия жұлдыздарының жас кезіне тәнті болған оқырмандар оларға қатысты пікірлерімен қызу бөлісті. Бірі қос жүргізуші тізгіндеген жаңалықтарды көріп өскенін айтса, енді бірі оларды фотодан танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aigulmukei/kymbatdoszhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aigulmukei/kymbatdoszhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тележүргізушілердің бұрынғы суретімен Айгүл Мүкей Instagram парақшасында бөліскен. Ол өзінің жеке мұрағатындағы фотоны жариялап, қызу талқыға тап болған.

Желідегілер 20 жыл аралығында қай жүргізуші қаншалықты өзгергенін жарыса жазды. Көпшілік олардың шаш үлгісін сөз еткен. Фотода Айгүл Мүкейдің шашы қызыл түсті болса, Қымбат Досжанның шаш үлгісі тым қысқа екенін аңғарылады. Бүгінде екеуінің де шаш үлгісі мүлдем басқа болып кеткен.

"Сіздердің жаңалықтарыңызды көріп өстік" , "Қандай сұлусыздар" , "Осы кездің тележүргізушілері де көп боянбайтын еді" , "Табиғи сұлулық қой сіздерде" , "Недеген ерекше шаш үлгісі, қызыл түсі бір бөлек" , "Қымбат апайдың шашы тым қысқа болыпты ғой" , "Қазір екеуіңіз де сұлусыздар, жасара түскендейсіздер" , "Бүгінгі қалыптарыңыз да ұнайды, одан бетер көрікті болып кеттіңіздер" , - деп жаздуда көпшілік.

Тағы да оқыңыздар

Әскерден келген жігіт адам танымастай өзгерген (фото, видео)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айгүл Мүкей әріптесі Қымбат Досжан екеуі 20 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті (фото)