RU

"Екі күн болды": Дәурен Айдарқұловтың коронавирус жұқтырып алғаны рас па (фото)

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі күн бойы ауырып жатқанын хабарлап, желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды. Олар өнер иесінің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын болжауда. Белгілі әзілкеш өз кезегінде COVID-19 вирусына тест тапсыруға мүлдем құлықсыз болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/daurenaidarkulov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/daurenaidarkulov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында бетперде киіп алған фотосын жариялаймын деп жанкүйерлерін сары уайымға салды. Желідегілер ауырып жатқан актер үшін аса қатты алаңдап, оған барынша өз қолдауын білдіріп жатты.

Өнер иесі көпшіліктің жылы лебізіне риза болып, олармен байланысқа да шыққан. Көпбалалы әке суретінің астына пікір қалдырған жұртшылыққа қолынан келгенше жауап берді. Ол өзінің сырқаты туралы сұраған желі қолданушысына былай жауап қатты:

"Қандай дерт екенің білмеймін. Екі күн болды басталғанына. Не болса да тест тапсырмаймын. Дәріні де ішпеймін. Менің емделу программам: дұға, көбірек жылы су ішу, тмин майы, ауызды тұзды сумен шаю" , - деді Айдарқұлов.

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов Алматыға жақында ғана Түркістан облысынан демалыстан оралған болатын. Белгілі актер ол жақта екі апта бойы бірінші некесінде туған балаларымен уақыт өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1861896-eki-kn-boldy-duren-ajdarklovty-koronavirus-zktyryp-algany-ras-pa-foto.html