Выйти
RU

Түркістан облысының тұрғыны туысының үйіндегі ақшаны жымқырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында полицейлер жергілікті тұрғынның сандықтағы ақшасын ұрлап кеткен туыс інісін ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тағы бңр деь

Көрнекі фото: pixabay.com

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз адамның оның үйіне заңсыз кіріп, құлыптаулы сандығының ішінде тұрған 620 000 теңге ақшасын ұрлап кеткенін жеткізген.

Аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, тұрғын-үй мен оған жақын аймақтарды мұқият қарап, бейнебақылау камераларын, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде жәбірленушінің бұған дейін сотты болған қайын інісі ұсталды.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Аға тергеуші Дәулет Биназаров тергеу барысында күдікті туыстарының барлығы өз үйінде жиында жүргенін біліп, 10 үйден кейін тұратын туысының үйіне білдіртпей барып, терезе арқылы заңсыз кіргенін анықтады.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысында үй қызметшісін жалдағандар сан соғып қалды

Айтуынша, ақшаның тұратын жерін білген күдікті сандықтың құлпын ашып, ішіндегі қаржыны жымқырып кеткенін анықтады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Айғақты зат ретінде күдікті сарайының ішінен темір жәшік пен төсеніш арасына екі бөлініп жасырылған ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарды.

Күдікті ұрланған ақшаның тек 2000 теңгесін жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, мешіттен садақа жәшігін ұрлаған күдікті жігіттің ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысының тұрғыны туысының үйіндегі ақшаны жымқырған