Выйти
RU

"Махаббаттан бал-бұл жанған көздер-ай": Желідегілер Жорабаеваға бақыт тілеуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева сүйіктісін кезіктіргеніне аса қуанышты болып жүрген көрінеді. Өнер иесінің махаббаттан басы айналып жүргенін оның қырмандары да байқап қойған. Олардың сөзінше, екінші мәрте тұрмысқа шыққалы жүрген өнер иесі бүгінде жақсы жаққа өзгеріп кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/altynaizhorabayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Жорабаеваның одан бетер әдемі болып, көп күлімдеп жүретін болғанын жарыса жазуда.

Көпбалалы әншінің соңғы фотосы көпшілікті тіптен қуантқан. Гүл шоқтарын құшағына басып, жайнап отырған өнер иесі елді одансайн тәнті ете түскен.

"Махаббаттан бал бұл жанған көздер-ай. Аллама сансыз шүкірлер" , - деп жазды ол суреттің астына.

Әншінің оқырмандары бірауыздан оған бақыт тілеп, өз жылы лебіздерін білдірді.

"Бақытты болыңыз, шын бақытқа әбден лайықсыз", "Махаббат келіп, гүлдей жайнап шыға келдіңіз" , "Қасыңыздағы адам бақытты етіп жүрегін анық көрініп тұр", "Сүйіктіңізбен бақытты секілдісіз, қуаныштымыз" , "Жүіңізден күлкі түспейтін болған, жақсы өзгеріп жүрсіз" , "Осылай күлімдеп қана жүріңізші, жарасады" , "Сіздің құлпырып жүргеніңіз отағасының арқасы" , - деп жазуда көпшілік.

Тағы да оқыңыздар

"Қой баққан қазақ көбейсін": Белгілі журналист тойхана жұмысын тоқтатуды талап етті

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алтынай Жорабаеваның жолдасының суреті тарап кеткенін жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Махаббаттан бал-бұл жанған көздер-ай": Желідегілер Жорабаеваға бақыт тілеуде