Выйти
RU

Жаңаөзенде мылтығы бар ер адам ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жаңаөзенде автоматпен бірге видеоға түсіп қалған 29 жастағы ер адам ұсталды. Қару тәркіленді, одан 15 оқ анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенде мылтығы бар ер адам ұсталды

Фото: Lada.kz

Тәртіп сақшыларының айтуынша, видео әлеуметтік желілерде 21 маусымда пайда болған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері ер адамды іздей бастады деп жазады Lada.kz.

Келесі күні ол ұстады. Күдікті 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адамнан мылтық пен 15 оқ тәркіленді.

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы: бұзақылық және қаруды заңсыз сақтау немесе өткізу бойынша жүргізілуде.

Айта кету керек, бұған дейін Жаңаөзен қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерде видеомен бөлісті. Кадрдан мылтықтың атылғанына ұқсас дыбыстарды естуге болады.

Шамасы, әрекеттер аулалардың бірінде өтті. Бірнеше адам жүгіріп келіп, қара жол талғамайтын көлікке тез түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Кенияда полицейлер коронавирусқа байланысты енгізілген коменданттық сағатты бұзып, үйінің балконында отырған 13 жастағы баланы атқан.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ясин Мойо есімді жасөспірім үйінің балконында 20 минут отырған.

Тағы да оқыңыздар

Орал қаласында ер адам прокуратураның жанында өзін-өзі өртеді (видео)

Мұны көрген жергілікті полицейлер оның ішінен атқан. Баланы дереу ауруханаға жеткізгенімен, ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жаңаөзенде мылтығы бар ер адам ұсталды