Выйти
RU

Тоқаевтың қатысуымен Мәскеуде Жеңіс парады өтіп жатыр (Live)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр. Салтанатты шараның қонақтары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Тікелей эфирден кадр

Тікелей эфирден кадр

РИА Новости мәліметінше, парадқа келген қонақтар санитарлық дәрігер ұсынған әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жайғасқан.

Айта кету керек, Қызыл алаңдағы трибуналарға 2350 адамдар отыра алады.

Ресейдің бұрынғы бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко Жеңіс парады өтіп жатқан Қызыл алаңды "пандемия кезіндегі планетадағы ең қауіпсіз жер" деп атаған. Оның сөздерін Life Shot Telegram арнасы жариялады.

Тікелей эфирден кадр

Тікелей эфирден кадр

Парадқа 13 елдің әскерилері қатысады деген жоспарланған. Олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан мен Түрікменстан бар.

Айта кетейік, Жеңіс парады коронавирус эпидемиясына байланысты 9 мамырдан 24 маусымға ауыстырылған болатын. 

Тікелей эфирден кадр

Тікелей эфирден кадр

Тікелей эфирден кадр

Тікелей эфирден кадр

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаевтың қатысуымен Мәскеуде Жеңіс парады өтіп жатыр (Live)