Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған шеру алдында Путинмен әңгімелесті

Опубликовано:

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шерудің алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен әңгімелесіп, оның ҰОС туралы мақаласына баға берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Кадр LifeShot видеосынан
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Кадр LifeShot видеосынан: Depositphotos

Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлы жеңістің 75 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін Ресей астанасы Мәскеуге барған болатын. Қазақстан мен Ресей басшылары салтанатты шара басталмай тұрып, Кремльде кездесу өткізді деп жазды РИА Новости.

Аталған кездесудің тікелей эфирінен үзіндіні LifeShot Telegram-арнасы жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу кезінде оны Ұлы Отан соғысы туралы мақаласының жарық көруімен құттықтады.

Қазақстан президенті мақаланың терең мағынасына назар аударып, оны қызықты әрі қажетті деп атады. Сондай-ақ ол ресейлік әріптесінің стилистикасына баға берді.

Өз кезегінде, Владимир Путин тарихи құжаттарды оқуға әуестенгенін, сол арқылы аталған мақаланы жазуға шабыттанғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр. Салтанатты шараның қонақтары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861933-tokaev-zeisti-75-zyldygyna-arnalgan-seru-aldynda-putinmen-gimelesti/

pixel