Выйти
RU

Қостанай облысының әкімі де коронавирус жұқтырып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтен COVID-19 вирусы анықталды. Өңір басшысы коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын өзі Instagram парақшасында хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Архимед Мұхамбетов. Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Архимед Мұхамбетов. Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Әкімнің сөзінше, ол қауіпті індетті жұқтырып алмау үшін барлық қажетті шараларды орындаған. Алайда, облыс басшысының коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.

Сол себепті Архимед Мұхамбетов өзін-өзі оқшаулауды шешкен. Бірақ, өңір әкімі өз жұмысын тоқтатпайды. Тек енді ол қашықтықтан жұмыс істейтін болады.

"Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын.
Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысы әкімінің 21 жастағы кеңесшісі Асыл Алдабергеннен де коронавирус табылғанын хабарлаған болатынбыз. Ол ауру белгілері байқалмағандықтан, ауруханаға жүгінбеген.

Тағы да оқыңыздар

"25 келі салмақ тастадым": Коронавирус жұқтырған шетелдік азамат 36 күн комада жатқан

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанай облысының әкімі де коронавирус жұқтырып алды