Выйти
RU

Ыстығы көтеріліп, жөтелген балаға парацетомол берген дұрыс па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Баланың күтпеген жерден ыстығы көтеріліп, жөтел пайда болғанда үлкендер абдырап қалып жатады. Ондайда не істеу қажет? Ауруы асқынып, тамағы ісіп кетсе ше? Пневмонияның алдын алу үшін қандай дәрі ішіп, қалай емдеуге болатыны жайында педиатр Ғалия Сейдалиева айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Айқын газетіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Әр баланың ағзасы әртүрлі болады. Біреуге ибуфен әсер етсе, енді біреуге парацетамолдың көмегі тиеді. Біріне дәріден гөрі сироптың пайдасы көбірек тиеді. Оған қоса, әр дәрінің мөлшерін баланың салмағына қарай есептеп берілуі керек", - деді ол.

Дәрігер баланың ыстығы көтерілгенде ибуфен мен парацетамолдың қайсысын беру керектігін айтты.

"Шыны керек, маған көп қойылатын сұрақтың бірі – осы. Педиатрияда негізінен осы екі дәріні пайдаланады. Екеуінің әсері де екі түрлі. Мысалы, парацетамол аурудың тура орта тұсынан әсер етіп, дене қызуын қалпына келтіреді. Ибуфен – ауырсынуды тез басып, ыстықты түсіріп, асқынып кетуіне жол бермейді.

Тағы да оқыңыздар

"Ангинаны емдейді": Белгілі дәрігер құрттың көптеген ауруға таптырмас ем екенін айтты

Баланың ыстығы парацетамолдан кейін түспесе, араға 30-40 минут салып ибуфен беруге болады. Бірақ дәрі берген дұрыс деп, бірінен соң бірін беруге де болмайды. Парацетамолдың арасы 4  сағат болса, ибуфенді бергенде 6 сағат аралықты сақтаған жөн. Аспиринді балаға мүлдем беруге болмайды. Дұрысы, баланың ыстығы көтерілсе, дәрігерге хабарласып, қаралу керек", - деп түсіндірді Ғалия Сейдалиева.

Медцина қызметкерінің сөзінше, бес жасқа дейінгі балаға жөтелге қарсы дәрі немесе сироп беруге болмайды.

"Бергеннің өзінде ол тамақты жібітеді. Ал бала тамағында жиналған қақырықты түкіріп тастай алмайды. Соның кесірінен баланың кеудесі сырылдап, деміге бастайды. Сол себепті де біз жөтелге қарсы дәрі-дәрмек жазып бермейміз. Көбіне ингаляция жасалады", - деді маман.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда коронавирусқа тест тапсырушылар саны 28 есеге артқан

Медицина қызметкері өкпе қабынуының алдын алу үшін не істеу керектігіне тоқталды.

"Біз тыныс алу жолдарының қай уақытта асқынып кететінін  білмейміз. Бала суықтап қалса, міндетті түрде алғашқы 2-3 күнде дәрігерге  қаралуы керек. Өйткені жөтел ертең көк жөтелге айналып, асқынып кетуі ықтимал. Сол үшін дәрігерден қашпай, уақытылы қаралу қажет", - деді Ғалия Сейдалиева.

Сонымен қатар ол ангинаны қалай емдеуге болатынын да түсіндірді.

"Жалпы, ангинаның түрі көп. Мәселен, вирусты, іріңді  секілді  деп бөлінеді. Ем де соған қарай жүргізіледі. Мысалы, вирусты ангинада тамақты антисептикалық құрылғымен бір шайып өтсе жеткілікті. Бұл жерде де дәрінің мөлшерін дұрыс алу керек", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ыстығы көтеріліп, жөтелген балаға парацетомол берген дұрыс па