Выйти
RU

Елорда орталығындағы көл жағасында орналасқан Capital Park туралы не білесіз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Асхат Тұрғынбекұлы, BI Group-тың цифрландыру және жаңа технологиялар жөніндегі директоры, компанияда жеті жылдан бері жұмыс істейді, Capital Park 5В жобасының жетекшісі.

Capital Park – астананың орталығындағы көл жағасында орналасқан тұрғын үй кешені

Инфрақұрылымы туралы

Capital Park – BI Group компаниясының «қала ішіндегі қала» қағидаты бойынша жобаланған жаңа тұрғын үй кешені. Ол елорданың алтын шаршы алаңы аталатын – Тәуелсіздік даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар, Бұқар жырау көшелерінде орналасқан. Тұрғын үй кешенінің жасанды көлі, төбешігі, жаяу жүргіншілерге арналған бульвары бар үлкен саябағы (25 мың шаршы метр) болады. Жасыл желекті алаңның жалпы ауданы 31 мың шаршы метрді құрайды.

Бұл жерде спортпен шұғылданып, белсенді демалуға арналған алаңдар, футбол, хоккей және стритбол алаңдары, жаттығу аймағы, балаларға арналған заманауи ойын алаңдары, 10 шақырымдық жүгіру жолағы мен 12 шақырымдық велосипед жолы, сондай-ақ 52 шақырымға созылған серуендейтін жол қарастырылған.

Жайлы өмір сүруге арналған барлық инфрақұрылым – мектеп, балабақша, фитнес орталықтары, дүкендер, дәріханалар, мейрамханалар мен дәмханалар тұрғын үй кешенінің ішінде орналасады. Коммерциялық орынжайлардың қазірдің өзінде 80%-ы сатылған.

Capital Park – астананың орталығындағы көл жағасында орналасқан тұрғын үй кешені

Тұрғын үй кешені туралы

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтанға жақын орналасқан демалыс базасы өртенді (видео)

Capital Park тұрғын үй кешені бизнес және комфорт кластағы үйлерді ұсынады. Бизнес-кластың бірінші кезеңі осы жылдың үшінші тоқсанында беріледі. Ал өткен аптада тапсырылуы 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланған комфорт кластағы Capital Park 5B сатылымға шықты.

Комфорт кластағы үйлердің ең жоғарғы қабат саны 14 қабаттан, ал әр қабатта бизнес кластағыдай бес пәтерден аспайды. Екінші және соңғы қабаттардағы қабырғаның биіктігі – 3 метр. Аулада екіжақты өтпелі кіреберістер мен тұрақтар бар. Сондай-ақ, аулаға көліктер кірмейтіндіктен, жиектас қарастырылмаған.

Лифт орналасқан алаңдар ағаш MDF панельдері мен тот баспайтын болат және керамогранит пайдаланылған дизайнерлік әрлеу арқылы жасалған. Холлдарда биіктігі 2 м-ге жуық витражды, ал пәтерлерде панорамалық терезелер орналасқан. Capital Park-те шуды 99% естіртпейтін шудан оқшаулайтын Acoustic Pro жаңа технологиясы қолданылады. Жалпы шуды оқшаулаудың нормативтік нормасы 52 дБ-ді құраса, бұл жердегі шу оқшаулау деңгейі 56 дБ-ге жетеді.

Capital Park – астананың орталығындағы көл жағасында орналасқан тұрғын үй кешені

Пәтерлер туралы

Барлық пәтер жақсартылған бірінші әрлеумен беріледі. Қосымша ақы төлегендерге Smart Home және Smart Remont опциялары қарастырылған. Компания мамандары таңдалған дизайнға сәйкес толық әрлеу жұмыстарын жүргізіп, «ақылды үй» жүйесін орнатады. Осылайша сіз пәтеріңізде болып жатқан жағдайдың барлығын смартфоннан бақылай аласыз.

Тағы да оқыңыздар

Шымкентте модульді жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды

Комфорт класс үйлердің шаршы метрі 297 мың теңгеден басталады. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлерді сатып алуға болады. Бір бөлмелі пәтерлердің ауданы 41 шаршы метрден басталады.

Capital Park – астананың орталығындағы көл жағасында орналасқан тұрғын үй кешені

Capital Park-тен пәтерді қалай алуға болады:

1. Пәтердің құнын 100% төлеу арқылы. Мұндай сатып алушыларға 2% мөлшерінде жеңілдік беріледі.

2. Құрылыс аяқталғанға дейін бөлеп төлеу арқылы. Алғашқы жарна пәтер құнының 50%-ынан кем болмауы керек, қалған сома үй берілгенге дейінгі кезеңге бірдей мөлшерде бөлінеді. Ай сайын немесе тоқсан сайын төлеп тұруға болады.

3. Екінші дейгейлі банктер арқылы басқа жылжымайтын үйді кепілдікке қойып, ипотекаға сатып алуға болады.

Capital Park – астананың орталығындағы көл жағасында орналасқан тұрғын үй кешені

4. Trade-In. Клиент Capital Park-тен жаңа пәтер таңдап, оны 3 айға брондау үшін пәтер құнының 10%-ын төлейді. Осы уақыт ішінде BI Group мамандары клиенттің ескі пәтерін сатып, жаңа пәтердің ақшасын төлейді. Егер сома жеткіліксіз болса, бөліп төлеуге болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елорда орталығындағы көл жағасында орналасқан Capital Park туралы не білесіз