Выйти
RU

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) пен «Қазпошта» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған пошта маркаларын сатылымға шығару рәсімін өткізді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - тақырыптық марка шығарған алғашқы құқық қорғау органы. Марка дизайнына құқық қорғау органының коммуникативті логотипі негізге алынған.

Маркада Агенттіктің «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» құндылықтары жазылған. Бұл құндылықтар логотипте қолданылған түстерде де берілген: аспан түстес – әділдікті, кемелдікке, жаңаруға ұмтылуды; көк түс – сенім мен қауіпсіздікті бейнелейді.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

Пошта маркасына естелік белгі соғу салтанаты Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы өз сөзінде шараның маңыздылығын атап өтті.

«Жемқорлықпен күрес өзгеріске ұшырады. Бұрынғы қорқынышты, жазалау шараларына берілген басымдық енді құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның мүмкіндіктерін жоюға ауысты. Cондықтан, Агенттік қылмыстық-құқықтық шаралармен қоса, жемқорлықты қабылдамау идеясын насихаттауға, ақпараттандыруға, сонымен қатар азаматтық қоғамды кеңінен жұмылдыруға күш салуда. Марканы шығару – осы жолдағы қадамның бірі», - деді Алик Шпекбаев.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты
«Марка шығару - Қазақстан аумағында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеясын таратуға және сыбайлас жемқорлыққа көріністеріне жол бермеу туралы Елбасы мен Мемлекет Басшысының ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретін құрметті әрі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Ұлттық пошта операторының басшысы Сәкен Сәрсенов.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты

Марка 2020 жылдың 24 маусымынан бастап айналымға енеді. Бағасы – 200 теңге. Таралымы – 10 000 дана. Марканы «Мемлекет саясаты» сериясымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығарды. Автор және графикалық дизайнер Д.Со, техникалық дизайн І.Оңғарбай.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына марка шықты