Выйти
RU

Тоқаев өзге президенттермен бірге "Белгісіз солдат" қабіріне гүл қойды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазір Мәскеуде жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев посткеңестік елдердегі әріптестерімен бірге Белгісіз сарбаз қабіріне гүл қою рәсіміне қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев басқа президенттермен Белгісіз сарбаздың қабіріне гүл қойды (видео)

Фото: RT

Қызыл алаңдағы Жеңіс шеруінен кейін мемлекет басшысы Александров бағына барып, Белгісіз сарбаз қабіріне гүл қойды.

Еске сала кетейік, Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру өтті. Салтанатты шараның қонақтары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

РИА Новости мәліметінше, шеруге келген қонақтар санитарлық дәрігер ұсынған әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жайғасқан.

Айта кету керек, Қызыл алаңдағы трибуналарға 2350 адамдар отыра алады.

Ресейдің бұрынғы бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко Жеңіс шеруі өткен Қызыл алаңды "пандемия кезіндегі планетадағы ең қауіпсіз жер" деп атаған. Оның сөздерін Life Shot Telegram арнасы жариялаған.

Шеруге 13 елдің әскерилері қатысады деген жоспарланған. Олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан мен Түрікменстан бар.

Айта кетейік, Жеңіс парады коронавирус эпидемиясына байланысты 9 мамырдан 24 маусымға ауыстырылған болатын. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев өзге президенттермен бірге "Белгісіз солдат" қабіріне гүл қойды (видео)