Выйти
RU

"Орыс халқынан сыйға берілген жерлер": Тоқаевтың кеңесшісі Путиннің сөзіне пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Ресей президентінің "орыс халқынан сыйға берілген жерлер" туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Құдайбергеновтің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Facebook/Olzhas Khudaibergenov

Фото: Facebook/Olzhas Khudaibergenov

Оның пікірінше, Ресей президенті өз сөзінде Украинаны тұспалдаған – "Ресей. Кремль. Путин" жобасын толық қарап шықсақ, осыны түсінеміз.

Тоқаевтың кеңесшісі атап өткендей, Владимир Владимирович тікелей елдің атын атамауды шешкен, сондықтан да оның сөзі посткеңестік кеңістіктегі барлық елдерге қатысты айтылғандай көрінген.

Алайда, Құдайбергеновтің пікірінше, бұл орайда Қазақстан үшін алаңдауға ешбір негіз жоқ – Ресей тарапынан біздің мемлекетке аумаққа қатысты ешқандай шағымдар болуы мүмкін емес.

Президент кеңесшісінің айтуынша, шамамен Ресей өз геосаясатын өзгертуге ниетті. Бұған Путиннің ҰОС жеңісінің мерейтойына арналған мақаласы мен елдің негізгі заңдарына түзетулері дәлел бола алады.

Еске сала кетейік, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шерудің алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен әңгімелесіп, оның ҰОС туралы мақаласына баға берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Орыс халқынан сыйға берілген жерлер": Тоқаевтың кеңесшісі Путиннің сөзіне пікір білдірді