Выйти
RU

Қайрат Құдайберген коронавирусты қалай және қашан жұқтырғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен аптада коронавирус диагнозымен ауруханаға жатқызылған Қайрат Құдайберген қауіпті инфекцияны қайдан және қалай жұқтырғанын айтып берді. Белгілі кәсіпкер халықты барынша сақтанып жүруге шақырғанымен, өзі қарапайым ережелерді ұстанбаған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergen_kairat. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kudaibergen_kairat. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қайрат Құдайберген COVID-19 вирусын кімнен және қай жерде жұқтырып алғанын еш бүкпесіз айтып берді. Кәсіпкер Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, жіберген қателігі толық мойындады.

"Эпидемиологиялық жағдай бір аптаның өзінде күр өзгеріп кетті. Науқастардың саны күн санап, тоқтаусыз артуда. Бұған карантин бәсеңдеуінен кейінгі адамдардың немқұрайлығы себеп болып отыр.

Халық тойларға, туған күндерге, сауда орталықтарына көптеп барды. Жастар көлік тұрақтарында кальян шегіп жүрді. Барлығы тауда спортпен шұғылданып жүрді. Таза ауада вирус жоқ деп санайтындар қатарында мен де болып қалдым.

Иә, мен тауға маска тақпай барып, көптеген адам арасында спортпен шұғылдандым. Нәтижесінде пневмонияға, ден қызыуына, демікпеге тап болып, нәтижесінде COVID-19 диагнозына ие болдым. Жарайсың, Қайрат! Көпшілікті коронавирустан сақтанып жүруге барынша шақырып жүрген адамның өзі ақыр-соңы ауырып қалды" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

"25 келі салмақ тастадым": Коронавирус жұқтырған шетелдік азамат 36 күн комада жатқан

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қайрат Құдайберген коронавирусты қалай және қашан жұқтырғанын айтты