Выйти
RU

Мәскеуге келген қырғыз басшысы вирустың "кесірінен" шеруге қатыса алмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Ресей астанасында Жеңіс шеруі өтті. Аталған іс-шараға посткеңестік мемлекеттердің басшылары қатысты. Алайда, Мәскеуге арнайы ұшып келген Қырғызстан басшысы Қызыл алаңда бой көрсеткен жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс шеруіне келген Қырғызстан президенті коронавирусқа байланысты тұғырдан көрінбеді

Сооронбай Жээнбеков. Фото: president.kg

Сооронбай Жээнбековтің неге тұғырдан көрінбегені көп ұзамай-ақ белгілі болды. Ресей астанасына Жээнбековпен бірге келген екі ресми өкілінен коронавирус расталған екен. Бұл ақпаратты көрші мемлекет басшысының баспасөз қызметі де теріске шығарған жоқ деп жазады Sputnik Қырғызстан басылымы.

Өз әріптестерінің қауіпсіздігі үшін Қырғызстан президенті шеру мен басқа да іс-шараларға қатыспауды жөн деп шешкен.

Еске сала кетейік, Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру өтті. Салтанатты шараның қонақтары арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.

РИА Новости мәліметінше, шеруге келген қонақтар санитарлық дәрігер ұсынған әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жайғасқан.

Айта кету керек, Қызыл алаңдағы трибуналарға 2350 адамдар отыра алады.

Ресейдің бұрынғы бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко Жеңіс шеруі өткен Қызыл алаңды "пандемия кезіндегі планетадағы ең қауіпсіз жер" деп атаған. Оның сөздерін Life Shot Telegram арнасы жариялаған.

Тағы да оқыңыздар

"Гарант 24" ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

Шеруге 13 елдің әскерилері қатысады деген жоспарланған. Олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан мен Түрікменстан бар.

Айта кетейік, Жеңіс парады коронавирус эпидемиясына байланысты 9 мамырдан 24 маусымға ауыстырылған болатын. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеуге келген қырғыз басшысы вирустың "кесірінен" шеруге қатыса алмады