Выйти
RU

Алматыда 15-қабаттан секірген әйел тіл тартпай кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жас келіншек 15-қабаттан секіріп кетіп, мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Алматыда 15-қабаттан секірген әйел тіл тартпай кетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 маусымда түстен кейін Бостандық ауданындағы Гагарин көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Әйел адам 15-қабаттың балконынан секіріп кеткен.

Оның жеке басы анықталып, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны белгілі болды. Ол өзі құлаған жерде тіл тартпай кеткен.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі адамның көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кеткені туралы хабарлаған едік.

Кейінірек ер адам ауруханада көз жұмды. Ал келіншек медициналық мекемеде емделіп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Ал пәтерде олардан өзге ешкім болмағаны, сонымен қатар екеуінің ішімдік ішкені тексеру барысында анықталды.

Олардың неліктен терезеден секіргендері әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта осы іске байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 15-қабаттан секірген әйел тіл тартпай кетті