Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудегі шеру: Тоқаев қазақстандық әскерилерге ерекше құрмет көрсетті (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық десантшылар Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысты. Әскерилер Мәскеудегі Жеңіс шеруінде Қызыл алаңмен жүріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook / Берік Уәли
Фото: Facebook / Берік Уәли: Facebook

Шеруге подполковник Ұлан Нұрғазиев бастаған 36-шы ДШБ әскерилері қатысты.

Сонымен қатар, салтанатты шеруге Армения, Беларусь, Үндістан, Молдова секілді өзге де мемлекеттердің әскерлері қатысты.

Үндістандық сарбаздар қазақстандықтардың алдында жүріп өтті. Салтанатты шараның көрсетілімін бірнеше телевизиялық арналар ұсынды.

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Facebook парақшасында мәлім еткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде парадқа қатысқан қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетіп, орнынан тұрды.

Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді.

Қызыл алаңнан 53 жаяу әскер колоннасы, ТМД елдері және басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерінен құралған 13 топ салтанатты түрде сап құрап өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының атынан десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін Берік Уәли салтанатты шараға қатысқан мемлекет басшыларының неліктен қорғаныс маскаларын тақпағанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862000-mskeudegi-zeis-serui-tokaev-kazakstandyk-skerilerge-erekse-krmet-krsetti-video/

pixel